00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада отбасылық ойындар жарысы өтті

13 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Елордада отбасылық ойындар жарысы өтті

Қаламгерлер аллеясында «Ұлттық ойындар - бабадан қалған асыл қазына» іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Отбасылық ойындар жарысының басты мақсаты - жас ұрпаққа ұлттық ойындарды насихаттау.

«Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында осындай іс-шараны ұйымдастырып отыр. Бұл жарыс сол елімізде болып жатқан ойындардың жалғасы іспетті. Еліміздің абыройын асқақтатқан спорттық додаға қосқан үлесіміз деп білеміз. Мерекеге орай кітап көрмесі де көпшіліктің назарына ұсынылды. Мақсаты - өзіміздің ұлттық ойындарымызды әрі қарай дамыту. Өйткені жасөспірімдер бабадан келе жатқан асыл мұраларымызды ұмытпауы керек деп есептейміз», - деді Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі басшысы Гүлбадам Мәдібаева.

Оның айтуынша, қатысушылар - қала мектептерінің оқушылары, яғни кітапхананың белсенді оқырмандары.

Іс-шараға 40-қа жуық мектеп оқушысы қатысты.

Іс-шараның ашылуында «Елорда ақсақалдары кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әнуарбек Ералы, Сарыарқа ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркін Нұрғазин жарысқа қатысушыларға ұлттық ойындардың түрлерін айтып, маңызын түсіндірді. Сондай-ақ жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Үш топқа бөлінген жарыс қатысушылары тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту және сұрақ-жауап ойындарында өзара бақ сынады.

Отбасылық ойындар жарысының қорытындысында үздік шыққан қатысушылар марапатталды.