Елордада мерекеге арналған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Бүгін, 14:33
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада мерекеге арналған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында елордада 1-4 мамыр аралығында кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.

Іс-шара 1, 2, 3 және 4 мамыр күндері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 19:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Көктал» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.

Айта кетейік, елордада Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 («Рио-де-Жанейро» ТК қарама-қарсы) мекенжайында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істейді. Ол күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін ашық болады.

Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңкенің жанынан мынадай автобус маршруттары өтеді: №2, 32, 49, 50, 73. Бұл жәрмеңке өтетін жерге ыңғайлы болуы үшін маңызды.