00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада мектеп жәрмеңкесі үшін қосымша орын ашылады

23 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада мектеп жәрмеңкесі үшін қосымша орын ашылады
Фото: Василий Крась

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен мектеп жәрмеңкесі үшін қосымша орын ашылады, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шара 25-27 тамыз күндері Алаш тасжолы, 31/1а мекенжайында өтеді.

Елорда тұрғындары мектеп формасы мен кеңсе тауарларын қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Ұйымдастырушылар тауарлардың бағасы нарықтық бағадан төмен болатынын және бірнеше тауар түрлері ұсынылатынын мәлімдеді. Осы мақсатта 20-дан астам сауда орны тартылады.

Мектеп жәрмеңкесі сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын мектеп жәрмеңкесінің тағы бір орнына барып, мектеп тауарларын тиімді бағада сатып алуға шақырамыз, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, биыл 12 тамыздан бастап елордада мектеп жәрмеңкелері жұмысын бастады.
Жәрмеңкелерге әр сенбі мен жексенбі күндері айдың соңына дейін сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін баруға болады.

Олар мына мекенжайда орналасқан:

1) Нұра ауданындағы цирк тұрағы;

2) Байқоңыр ауданындағы «Тұлпар» сауда үйі алдындағы «Аймақтау» сауда үйінің тұрағы;

3) Сарыарқа ауданындағы Demalys Promenade аллеясы, Қосшығұлұлы көшесі, 14;

4) Есіл ауданындағы Ботаникалық бақтың тұрағы;

5) Алматы ауданындағы Абылай хан даңғылы, 20а.