00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «Мейірімділік керуені» байқауының номинанттары марапатталды

15 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Мейірімділік керуені» байқауының номинанттары марапатталды
Фото: Астана қаласы әкімдігінің сайты

Бесінші рет ұйымдастырылған «Мейірімділік керуені» байқауы дәстүрлі түрде ізгі істер жасайтын адамдарды анықтауға, мейірімділік және гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған, деп хабарлады Еlorda.info.

Жыл сайын бес жыл бойы байқау жүздеген қамқор адамды, нағыз патриоттарды, батырлар мен меценаттарды анықтайды.

Астана қаласы Іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Сәния Ырсалиева «Мейірімділік керуені» байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі 2023 жылдың ақпан айында өткенін айтты.

«Мейірімділік керуені» V конкурсына қатысуға еліміздің барлық өңірінен 969 өтінім келіп түсті, оның 105-і Астанадан түсті. Елорда жүлделі орындар саны бойынша бірінші орынға ие болды: алты адам республикалық марапаттау рәсімінде марапатталды. Бүгін біз номинанттарымызды -жүрегі жұмсақ адамдарға марапат тапсырдық. Бұл әр түрлі жастағы және әр мамандық иелері. Олардың ішінде адамдарды өлімнен құтқаруға қатысқандар, қайырымдылықпен белсенді айналысатындар, мәдениеттің дамуына ықпал етіп жүргендер, жануарлардың жанашырлары, қоршаған ортаны жақсартумен айналысатындар және тағы басқалар, - деді Сәния Ырсалиева.

чфч.jpg

Өз кезегінде Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов Іскер әйелдер қауымдастығының республикалық мәртебесі және бүкіл Қазақстан бойынша қуатты филиалдары бар екенін атап өтті.

Бүгін «Мейірімділік керуені» бауқауының мерейтойы. Бізде осындай күшті ҮЕҰ бар екеніне өте қуаныштымыз. Жақында Абай облысындағы трагедияда біздің іскер әйелдер де шетте қалмады. Олар бірден батыл әрекетке барып, зардап шеккендерге көмек жинап, жөнелте бастады. Бұл олардың бірлігі мен ұйымшылдығын көрсетеді. Елордада біз барлық үкіметтік емес ұйымдармен, соның ішінде Іскер әйелдер қауымдастығымен белсенді өзара іс-қимыл жасауға тырысамыз. Байқаудың барлық үміткерлеріне шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздердің іс-әрекеттеріңіз адамдарға, бүкіл қоғамға пайдалы. Мұндай адамдарға біздің мемлекетіміз қолдау көрсетеді, - деп атап өтті Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы.

Конкурсқа қатысушылар әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлестерін қосады және өздерінің игі істерімен басқаларды ынталандырады. Олар байқауға мына номинациялар бойынша қатысты:

«Асар» - қайырымдылық қызметі халықтық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтаумен байланысты адамдарға арналған номинация;

«Туған жер» - білім беру, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру және т.б. салаларда туған өлкесіне қайырымдылық көмек көрсететін лауреатқа тапсырылады; 

«Батыл жүрек»  - ерлігі мен жанқиярлығы үшін. Бұл номинацияда шұғыл қызмет қызметкерлері (ТЖМ, ІІМ, Жедел жәрдем және басқалар) арасында қосымша жеңімпаз анықталуы мүмкін;

«Мейірім жолында» - белгілі бір уақыт ішінде тұрақты өтеусіз көмек көрсететіндер үшін;

«Қайырымдылық тарихы» - номинациясы журналиске және/немесе шығармашылық ұжымға БАҚ-та қайырымдылық, әлеуметтік мәселелерді үздік жариялағаны үшін беріледі;

«Бала жүрегі» - 6 жастан 18 жасқа дейінгі лауреатқа шұғыл жағдайларда көрсеткен ерлігі мен қайырымдылық қызметіне қатысқаны үшін беріледі;

«Жануарға мейірім» номинациясы жануарларды қорғайтын, оларды күтуге көмектесетін, сондай-ақ жануарлар әлеміне қатысты мейірімділікті насихаттайтын лауреатқа беріледі.