Елорда маңындағы ұшақтың құлау себебі қашан жарияланатыны белгілі болды

19 тамыз, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views158
Елорда маңындағы ұшақтың құлау себебі қашан жарияланатыны белгілі болды
Фото: Freepik.com

18 тамызда Астана маңында апатқа ұшыраған жеңіл моторлы ұшаққа қатысты Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Ұшақ апатына қатысты тергеу жұмыстары бір жылға созылады. Сондықтан тергеуді күтетін боламыз. Сондай-ақ Азаматтық авиация комитеті мен авиациялық әкімшілік бірлесіп тексеріс жүргізу туралы шешім қабылдады», - деді министр.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға Ақмола облысы Целиноград ауданы Арайлым ауылы маңында болған. Бортта екі адам болған, екеуі де қаза тапқан.