Елордада мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтеді
27 маусым, 2023
Елорда ақпарат
Оңалхан Өнерхан
3 шілде күні сағат 11.00-де Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады, деп хабарлады Elorda.info.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
1. «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы.
2. Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 274/36-VII «Астана қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
3. Астана қаласының аумағында бөлшек салықтың мөлшерін төмендету туралы.
4. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.
Ұқсас жаңалықтар