Елордада қызметтік иттің көмегімен жоғалған бала аман табылды
1 шілде, 2024
Торғын Аман
фото: polisia.kz
Елордада Феликс атты полиция итінің көмегімен жоғалған бала табылды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға 8 жасар баланың тұрғын үйдің ауласынан жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Полиция жедел әрекет етіп, дереу іздеу шараларына кірісті. Кинологиялық қызмет орталығының қызметкері Азамат Оразкановты Феликс лақап атты қызметтік иті ізге бірден түсіп, балаға алып келген.
Феликс – неміс овчаркасы, жас иттердің бірі. Оның елорданың кинологиялық қызметіндегі жолы күшік кезінен басталған. 2 жыл ішінде оның көмегімен жоғалған 20-ға жуық азамат табылды. Бұл жағдайда да төрт аяқты көмекшінің күш-жігерінің арқасында бала аман-есен табылып, үйіне оралды.
Ұқсас жаңалықтар
26 қараша, 2024
Зейнеткерлер ұлттық ойын түрлерінен жарысқа түсті
26 қараша, 2024
Астанада мәдениет саласында 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді
26 қараша, 2024
Елордада Талғат Теменовтің шығармашылығына арналған өнер күндері өтеді
26 қараша, 2024
Астаналық студенттерге тегін құқықтық кеңестер берілді