00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада киберқауіпсіздік бойынша жарыс өтті

27 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада киберқауіпсіздік бойынша жарыс өтті
Фото: коллаж Elordainfo.kz

Жарыс төрт бағыттан тұрды: Web жүйенің осал тұсын табу, OSINT зерттеу жүргізу, PWN бинарлық осалдықтарды пайдалану және Reverse engineering бастапқы кодын оқу және оны пайдалану, деп хабарлады Elorda.info.

Сол сияқты кибершабуылдар орын алуы ықтимал ұйым үшін шығындар немесе жағымсыз салдарлар бойынша «іскерлік тәуекел» ойынынан өту керек болды.

15 студенттік команда киберполигондағы әскери инфрақұрылымды «бұғаттауда» бағын сынап, бизнес тәуекелдерін зерттеді, сонымен қатар киберқауіпсіздік бойынша түрлі мәселелерді шешті.

Astana IT University әскери кафедрасы киберқауіпсіздік циклының бастығы, запастағы полковник Талайбек Өмірзақов білім мекемелерінің қабырғасында мұндай жарыс бірінші рет өткізіліп отырғанын атап өтті.

Өткен жылы әскери кафедра базасында киберполигон құрылды, сол жерде CTF форматында киберқауіпсіздік бойынша жарыстар өтеді. Қатысушылар ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін шешуде жарысады. Бүгінгі жарыстың басты мақсаты – студенттердің осы бағыттағы практикалық дағдыларды үйренуі, – деді ол.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар анықталды. Бірінші орынға 2800 ұпай жинаған P3NT4GON командасы ие болса, екінші орынға 2400 ұпаймен 12 командасы, ал үшінші орынға 2400 ұпай жинап, алайда қарсыласынан уақыт бойынша ұтылып қалған M1GU3L командасы табан тіреді.

Astana Hub ұйымдастырған жарысқа қатысу менің алғашқы тәжірибем болған. Тартысты сайысқа әскери кафедрадағы взвод балаларынан құралған команда болып қатыстық. Бұл бағытта жарысқа қатысу өте қызықты болды. Болашақта киберқауіпсіздік саласында жұмыс істеуді жоспарлап отырмын, – деді Astana IT University әскери кафедрасының бірінші курс студенті Әнуар Асқаров.

Іс-шара AITU Orchestra және AITU Music Club клубтарының концерттік бағдарламасымен аяқталды. Зияткерлік сайыстардың жеңімпаздары грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.