Елордада кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Фото: Сұлтан Сейіт
Астанадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 16 шілде күні бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Іс-шараны «Алматы» ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырады.
Жәрмеңкеде түрлі саладағы 80 ұйым екі мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынады. Олардың қатарында өндірістік кәсіпорындар, қызмет көрсету саласындағы компаниялар мен білім беру мекемелері бар.
Сондай-ақ жәрмеңке барысында Joltap бағдарламасының өкілдері, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, қаржы ұйымдарының мамандары келушілерге жұмысқа орналасу мен қолдау шаралары туралы кеңес береді.
Айта кетейік, бос орындар жәрмеңкесі 16 шілде күні сағат 15:00-де Б.Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайындағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында басталады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 08:03
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады

11 қазан, 2025
Елордалық студенттер Астанада өткен «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

11 қазан, 2025
Зиялы қауым өкілдері елорданың «Есіл» ауданында 100 түп ағаш көшетін отырғызды

11 қазан, 2025
Астанадағы «Көктал» саябағында 300-ден аса түп ағаш отырғызылды