Елордада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

9 сәуір, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Василий Крась

Астанада 12 және 13 сәуірде кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлердің, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістер, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдер, табиғи шырындар және т.б. арзан бағада сатып ала алады.

Іс-шара 12 және 13 сәуірде 10:00-ден 22:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Көктал» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.

Айта кетейік, елордада сол сияқты Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 («Рио-де-Жанейро» ТК қарама-қарсы) мекенжайы бойынша ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істейді. Ол күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін ашық.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жәрмеңке жанынан мынандай автобус маршруттары жүреді: №2, 32, 49, 50, 73. Бұл іс-шара өтетін жерге ыңғайлы әрі жылдам жетуді қамтамасыз етеді.