Елордада көпбалалы отбасыларға арналған пәтерлер мемлекетке қайтарылды

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астаналық прокуратураның шараларымен көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сот актілерін зерделей отырып, прокуратура мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуына талдау жасады.
Құрылыс салушы көпбалалы жанұяларға арналған 15 пәтерді уәкілетті органның балансына беру бойынша шарттық міндеттемелерді 2022 жылдан бері орындамағаны анықталды.
«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 10 пәтер конкурс өткізу және кейіннен көпбалалы отбасыларды қамтамасыз ету үшін уәкілетті органның балансына табысталды, 5 пәтер тапсыру сатысында», - делінген хабарламада.
Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ұқсас жаңалықтар

11 қыркүйек, 2025
Астанада әскери сала мамандарының қатысуымен конференция өтті

11 қыркүйек, 2025
Биыл Астанада 50 көше жөнделеді – Жеңіс Қасымбек

11 қыркүйек, 2025
Елордалық мектепте ЖИ арқылы оқушы үнін тыңдайтын «Адал байланыс» жүйесі іске қосылды

11 қыркүйек, 2025
«Нұра» ауданында жыл басынан бері рұқсат етілмеген 70 қоқыс үйіндісі анықталды