00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада JOLTAP түлектері үшін тігін шеберлік сабағы өтті

Елордада JOLTAP түлектері үшін тігін шеберлік сабағы өтті
фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада JOLTAP әлеуметтік бағдарламасы аясында жобаның танымал бағыттарының біріне айналған тігін ісі бойынша шеберлік сабағы өткізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дағдыларды жетілдіру үшін жұмысқа орналасқан түлектерге арналған шапан тігу шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Қатысушылар жеңі бар дәстүрлі ұзын көйлек тігуді үйренді.

Олар оқытушының мұқият бақылауымен үлгіні құрастыру, матаға ауыстыру, пішу және тігу сияқты бірегей бұйымды жасаудың барлық кезеңдерінен өтті.

«Шеберлік сабағына қатысқаныма өте ризамын. Мен көптеген әдістерді үйрендім», - деп бөлісті JOLTAP түлегі Индира Жадаева.

Естеріңізге сала кетейік, JOLTAP бағдарламасы елорда әкімдігінің бастамасы болып саналады. 5 мыңнан астам тұрғын оқудан өтіп, олардың 3 мыңға жуығы жұмысқа орналасты.

Тегін қысқа мерзімді курстарға «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттерінде жазылуға болады. Оқыту 8 жұмыс дағдысы (тігінші, сәнгер-конструктор, бухгалтерлік есеп негіздері, корпустық жиһаз жасау негіздері, сатушы-кассир, электр газбен дәнекерлеуші, бариста, аяқ киімді жөндеу) және 7 цифрлық дағдылар (SMM, сайттарды әзірлеу, бейнемонтаж, графикалық дизайн, мобилография, маркетплейстердегі сауда, таргет) бойынша өтеді.