00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада хостелдердің қауіпсіздігі тексеріліп жатыр

23 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада хостелдердің қауіпсіздігі тексеріліп жатыр
Фото: Elorda.info

Тексерісті ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар 18 қаңтардан басталған. Бүгінге дейін 78 нысанның өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкестігіне тексеріс жүргізілді.  Осындай тағы  9 хостелде жұмыстар жалғасуда, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті  хостелдерде жоспардан тыс тексерістер жүргізуде. Тексеріс нәтижелері бойынша 377 өрт қауіпсіздігін сақтамау фактілері анықталды. Оның ішінде нысандардағы шығу жолдарының жабық болуы, терезелерге темір торлар орнатылуы, өрт қауіпсіздігі құралдарының жоқтығы, дабыл жүйелерінің дұрыс жолға қойылмауы сияқты кемшіліктер жиі кездесті. Өрт қауіпсіздігін сақтамаған нысан иелері әкімшілік жазаға тартылып, оларға ережені бұзу фактілерін жою туралы ұйғарым тапсырылатын болады, - деді  Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мадияр Мырзагелдиев.

Оның айтуынша, қала бойынша 107 хостел орналасқан, оның 22-сі өз еркімен жұмысын тоқтатқан. Тексеру жұмыстары жалғасуда. 

Бұдан басқа қала бойынша ойын-сауық орталықтарында «Қауіпсіз сауда» атты оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіліп жатыр.