Елордада жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді
Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде брифингте Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жүсіпов пен «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Олжас Омар айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Елорданың еңбек нарығындағы жағдай тұрақты және қатаң бақылауда. Жұмыссыздық деңгейі – 4,5% (ҚР – 4,7%). 2023 жылы жұмыспен қамту шараларымен 24 мыңнан астам адамды, оның ішінде 16 мыңнан астам жастарды қамту жоспарлануда. 27 қазандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 22 312 адам, оның ішінде 11 591 жас қамтылды. Тұрақты жұмыс орындарына – 7 407, қоғамдық жұмыстар – 2 278, жастар практикасы – 968, әлеуметтік жұмыс орындары – 303, алғашқы жұмыс орны – 297, күміс жас – 789, ұрпақтар келісімшарты – 6, МБА үшін арнайы жұмыс орындары – 1, кәсіптік оқыту – 209, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту – 8 628, сұранысқа ие дағдыларды онлайн оқыту – 971 адам жұмысқа орналастырылды.
Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы адамдар үшін жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға барлығы 132 грант берілді. Грант мөлшері – 400 АЕК (1 380 000 теңге). 21 мен 35 жас аралығындағы жастар үшін жылдық 2,5%-бен 5 млн теңгеге дейін шағын несиелеу көзделген. Конкурстық комиссияның шешімімен жастардың 323 бизнес-жобасы мақұлданды, 229 кредит төленді. ҚР ЕХӘҚМ-не 750 млн теңге қаражатты шешу (150 микрокредит) бойынша бюджеттік өтінім жолданды.
43 462 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 38 745 тұрақты және 4 667 уақытша. «Электрондық еңбек биржасы» интернет-порталында 2 330 жұмыс беруші 4 966 бос орын орналастырды. 32 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жұмыссыздар, түлектер, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар және алимент бойынша борышкерлерді қайта әлеуметтендіру үшін және еңбек тапшылығы бар өңірлерге көшіру, - дейді Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Е.Жүсіпов.
Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Мансап орталығы» жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, яғни бос жұмыс орындарын іріктеу жүргізіп, тұрақты жұмыс орнына орналастырады, тиісті бос жұмыс орны болмаған жағдайда уақытша жұмыс орны ұсынылады – бұл әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, алғашқы жұмыс орны, ұрпақтар келісімшарты және күміс жас.
«Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектеріне, сондай-ақ оқымайтын және жұмыс істемейтін жастарға арналған. Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша 35 жасқа дейінгі 297 адам жұмысқа орналастырылды. «Жастар практикасы» колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектеріне мамандық бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Осы бағдарлама бойынша 961 адам жұмысқа орналастырылды. «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламасы оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға көмектеседі. Ақылы қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар, студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары оқудан бос уақытында қатысуға мүмкіндігі бар. Осы бағдарлама бойынша 2000-нан астам адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасы аясында азаматтарды бір жылға жұмысқа орналасады. Қазіргі уақытта 300-ден астам адам жұмыс тапты. 50 жастан асқан тұрғындар үшін «Күміс жас» бағдарламасы бар. Бүгінгі таңда бағдарлама бойынша 789 адам жұмысқа орналастырылды, - деді «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры О.Омар.