00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр

28 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр
Фото: дереккөз

Бүгін елордада «Ашық үкімет және жаңа басқару мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысы басталды, деп хабарлады Elorda.info

Іс-шара Қазақстан Респубикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен және Астана мемлекеттік қызмет хабының қолдауымен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өтіп жатыр. 

Конференцияның мақсаты – мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін талқылау және практикалық ұсыныстар әзірлеу. Бүгін 12 панельдік отырыс аясында 104 қатысушы баяндама жасады. Баяндамаларды талқылауға 200-ден астам адам қатысты. Конференцияның негізгі тақырыбы – Ашық үкімет және басқарудың жаңа мәдениеті аясында мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті дамытудың перспективалық бағыттары бойынша нәтижелі пікір алмасу өтті, сондай-ақ мәселелерді бірлесе талқылап, нақты шешімдер әзірленді.

Екі күн бойы біздің шақыруымызбен АҚШ, Германия, Польша, Болгария, Орта Азия елдерінен келген сарапшыларды тыңдаймыз. Академия магистранттары мен докторанттары шетелден келген мемлекеттік қызмет саласының мамандарынан мағлұмат алып, дәріс тыңдайды. Конференцияны ұйымдастырудағы тағы бір маңызды мақсаттарымыздың бірі – Қазақстанның мемлекеттік басқару саласындағы тәжірибесімен бөлісу. Қазіргі кездегі саяси реформалардың өзектілігін, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жүзеге асырылатын іс-шараларды пысықтау. Конференция үш зерттеу бағытына сай өтеді: «Ашық үкімет», «Жаңа басқару мәдениеті», «Ашық диалог және әлеуметтік әріптестік». Іс-шара барысында «Ашық үкіметті» енгізудің халықаралық және ұлттық тәжірибелері, «Цифрлық мемлекет» үлгісін қалыптастырудың негізгі аспектілері, мемлекеттік басқаруды бюрократиядан арылту мәселелері талқыланады. Сонымен қатар мемлекеттік басқаруды реформалау аясында мемлекеттік қызметші болмысының өзгеруі және мемлекеттің, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың стратегиялық әріптестігі сияқты маңызды тақырыптар талқыға салынады, – деді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл. 

Халықаралық конференцияға отандық және шетелдік сарапшылар қауымдастығы, ғалымдар, зерттеушілер, соның ішінде Академияның магистранттары мен докторанттары, мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдардың және азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысуда. 

05679a66-bdb3-4cfe-8269-dc89f1b8e865.jpg