00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада ерекше балаларды қолдау жәрмеңкесі өтеді

Елордада ерекше балаларды қолдау жәрмеңкесі өтеді
фото: Бақтыгүл Бурбаева

15 маусым күні сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін елорданың орталық саябағында «Астана мүгедек балалар қоғамын» қолдау мақсатында GARAGE SALE қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

GARAGE SALE қайырымдылық жәрмеңкелері  әАстана қаласының мүгедек балалар қоғамыә ҚБ балаларды сауықтыру үшін маңызды препараттар мен аппараттарды сатып алуға көмектеседі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, іс шара Orda Invest компаниясының қатысуымен адамдарды қолдау және мейірімділікке шақыру мақсатында өтеді.

Биыл еріктілер құны екі миллион теңгеге жуық тұратын «UTS Говорун PRO2» лого айнасы сатып алуға ақша жинайды. Құрылғы психологиялық жағынан сөйлеу мәнерінің дамуы тежелген балаларды емдеу үшін қажет.

Іс-шарада қолөнершілерден басқа, қала тұрғындарының көңіл көтеруіне арналған шоу-бағдарлама, би баттлдары, табиғи музыка, конкурстар мен ойындар ұйымдастырылады. Сондай-ақ қайырымдылық лотереясы өтеді, онда сыйлықтар, сертификаттар ұтып алуға болады.