00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада екі көше жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Елордада екі көше жөндеу жұмысына байланысты жабылды
ашық дереккөз

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Тұран даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Жөндеу жұмысына байланысты 8-11 тамыз аралығында Керей-Жәнібек хандар көшесінің Сауран көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралығында көлік қозғалысы толығымен жабылды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 8-11 тамыз аралығында Тұран даңғылының Жұлдыз айналымынан Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралығында қозғалыс ішінара жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.