Елордада демалыс күндері жәрмеңке өтеді
14 маусым, 2024
Зарина Сәрсенбайқызы
фото: Астана қаласы әкімдігі
Елордада қала мен ел өңірлерінің тауар өндірушілерінің қатысуымен демалыс күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңке елорданың Сарыарқа ауданында Б.Соқпақбаев көшесі, 21 мекенжайында орналасқан.
Жәрмеңкеге Ақмола, Абай және Түркістан облыстарының жеке кәсіпкерлері қатысады.
Тауар өндірушілер өнімдердің кең ассортиментін ұсынады: көкөністер, жемістер, ет және сүт өнімдері және т.б.
Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар