Елордада бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады
фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада 5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар беру конкурсына қатысу үшін кәсіпкерлерден өтінімдер қабылдау басталады. Бұл туралы Elordainfo.kz Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Өтінімдер 14 қазаннан бастап 23 қазан аралығында тек онлайн форматта, kezekte.kz платформа арқылы қабылданады.
Оған биылдан бастап конкурсқа тек әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінде тұрған кәсіпкерлер ғана қатыса алады.
Қажетті құжаттардың толық тізбесімен және конкурстың толық шарттарымен қала әкімдігінің және инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының ресми сайттарынан немесе 55-69-21, 55-69-03, 55-01-81,55-69-10 номері арқылы білеуге болады.
Ұқсас жаңалықтар
30 қазан, 2025
Астаналық боксшы Азиада чемпионы атанды
30 қазан, 2025
«Білім берудегі және басқарудағы трансформация»: Астанада ұстаздарға арналған конференция өтті
30 қазан, 2025
Астанада ЖОО-лар арасында үздік жасанды интеллект жобаларының авторлары анықталды
30 қазан, 2025
Астанада аутизм тақырыбын көтерген еліміздегі алғашқы спектакль – «Құштар» қойылымының премьерасы өтті
