00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада биыл қанша көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі

18 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада биыл қанша көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: ашық дереккөзден

Биыл Астанада 72 көшеде жол жқндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады Elorda.info.

Оқи отырыңыз: Астана жолдарының сапасы неге сын көтермейді

Биыл елордада жалпы ұзындығы 54,3 шақырымды құрайтын 72 көшені, оның ішінде 40 шақырымды құрайтын 44 орталық көшені және қаланың тұрғын үй алаптарындағы ұзындығы 14,3 шақырымды құрайтын 28 көшені орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Мәселен, Алаш көпірінен Пушкин көшесіне дейінгі учаскедегі Әл-Фараби даңғылын, Салтанат аркасынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі (жаңа мешітке дейін) Мәңгілік ел даңғылын, Мәңгілік Ел мен Сарайшық көшесі қиылысындағы көлік айрығын, Тұран даңғылын, Қорғалжын тас жолынан Сарайшық көшесіне дейін, Уәлиханов көшесін, Бөгенбай батыр даңғылынан Кравцов көшесіне дейін, Ш.Құдайбердіұлы даңғылын, Мұстафин көшесінен Р.Қошқарбаев даңғылына дейін, Тұлпар көпірін және тағы да басқа көшелерде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - делінген Elorda.info тілшісінің жолдаған сауалына Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы берген жауапта.    

2022 жылы ұзындығы 58,8 шақырымды құрайтын 110 көшеде, оның ішінде 55 орталық көшеде (42,2 шақырым) және елорданың елді мекендеріндегі 55 көшеде (16,6 шақырым) жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.