Елордада бес бағыт бойынша қосымша автобустар рейске шығады
фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада 9 қазаннан бастап бес бағыт бойынша қосымша автобустар рейске шығады, деп хабарлады Elordainfo.kz «City Transportation Systems» ЖШС сілтеме жасап.
Бұл рейстер арасындағы аралықтарды үш минутқа қысқартуға мүмкіндік береді. Қосымша автобустар келесі бағдарларға қосылады.
- №3 бағдар – енді 14 автобус (бұрын 12);
- №15 бағдар – енді 16 автобус (бұрын 15);
- №31 бағдар – енді 10 автобус (бұрын 7);
- №40 бағдар – енді 19 автобус (бұрын 18);
- №326 бағдар – енді 4 автобус (бұрын 3).
«Графиктердің санын көбейту жұмыстары жалғасып жатыр. Алдағы күндері басқа бағдарларға қосылған автобустар жөнінде хабарлаймыз», - деп көрсетті компанияның баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 10:24
Елордада Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай халықаралық конференция өтті
Бүгін, 10:05
Астана – заманауи саяхат қаласы: қорытындылар мен жаңа бастамалар
Бүгін, 09:29
LRT құрылысы: Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды
23 қазан, 2025
Орны бөлек 30 жыл: Ғалым Қожабеков «Аstana aqshamy» газетіндегі еңбек жолы жайлы
