Елордада бүйрегін 18 мың АҚШ долларына сатпақ болған азамат ұсталды
31 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат
фото: polisia.kz
Автор желі қолданушыларына ішкі ағзасын сатуды ұсынған, ал екінші тарап операцияны ұйымдастыруы керек болған.
Танымал әлеуметтік желідегі ерекше хабарландыруға Ақмола облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері назар аударып, донормен байланысқа шықты.
Бірнеше апта бойы полицейлер арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізді, нәтижесінде трансплантация жасау және ақша қаражатын беру туралы мәміле жасалды. Көкшетау қаласында ҰҚҚКБ қызметкерлері күдіктіні ақшаны алып жатқан жерінен ұстады.
Ер адам Ақтөбе қаласының тумасы, бірақ елордада тұратыны анықталды. Күдікті мұндай қадамға қарыздарын өтеу үшін барғысы келгенін айтты.
Қазір аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:57
Астаналық жастар тұрғындарды экологиялық акцияға қатысуға шақырды
Бүгін, 12:22
Есірткі өндіретін астыртын зертхана ашқан 3 астаналық бас бостандығына айырылды
Бүгін, 11:47
Елордада танымал әнші Jony-ге көшет сыйлады
Бүгін, 10:35
Татуласу орталықтарында медиатор мен психологтар консультациялар өткізеді