Елордада қазақ күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді


14-15 тамыз аралығында Қазақстанның елордасы тарихи оқиғаның орталығына айналады — мұнда алғаш рет Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл кеңес – әлемдегі ең ірі көпсалалы спорт ұйымдарының бірі.
Чемпионатты ҚР Қорғаныс министрлі Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы және ҚР Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырады.
Шамамен 40-қа жуық елдің өкілдері қатысады деп күтілуде. Бұл ұлттық спорт түрінің халықаралық аренада кеңінен танылып келе жатқанын көрсетеді. Чемпионат қазақ күресінің әлемдік спорт картасында дамуы мен ілгерілеуіндегі маңызды қадам болмақ.
Өтетін орны: Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені.
Тұран даңғылы, 59.



