Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта ашылады
23 мамыр, 2024
Зарина Сәрсенбайқызы
фото: gov.kz
Астанада елордалық және өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта ашылады, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңке әр демалыс күндері Сарыарқа ауданында Соқпақбаев көшесіндегі №21 үйдің жанында өтеді.
Кәсіпкерлер көкөністердің, жемістердің, сүт өнімдерінің, азық-түлік өнімдерінің және ет өнімдерінің кең ассортиментін ұсынады. Жәрмеңке 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар