00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «Арулар – Асыл жандар» атты мерекелік басқосу өтті

4 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Арулар – Асыл жандар» атты мерекелік басқосу өтті
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы мен қалалық «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Арулар – Асыл жандар» атты мерекелік концерт өтті,  деп хабарлайды Elorda.info елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әйелге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға көпбалалы және қиын өмірлік жағдайларға тап болған аналар қатысты. 

Мерекелік жиынға қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы қатысып, әйелдерге бала тәрбиесі туралы түсіндірді. 

WhatsApp Image 2024-03-04 at 16.25.42.jpeg

Бала керемет болу үшін не керек? Әрине ол махаббат пен мейірім. Ата-аналар кем дегенде баланы күніне 8-12 рет құшақтап сүю керек, сөйлесіп ашық сұхбаттасу қажет,- дейді Оразкүл Асанғазықызы.

WhatsApp Image 2024-03-04 at 16.25.41.jpeg

Елордалық көпбалалы ана Бақтыгүл Асылбекова «Жанұя» орталығына қаңтар айында жүгінген. Оның сөзінше, мұндай іс—шаралар әйелдерге түрлі кеңес беріп, отбасын сақтап қалуға септігін тигізеді.

Бүгін өткен іс-шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Әсірессе Оразкүл апайға алғысым шексіз. Отбасылық өмірдегі қиындықтарға тоқталып, өз ақыл-кеңесін айтты. Осы орталыққа келгенге дейін менде ажырасу туралы ой болды. Қазір көзқарасым өзгеріп, өмірімді басқаша  жалғастырғым келеді. Орталық қызметкерлеріне алғысым шексіз,- дейді көпбалалы ана. 

Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен аяқталды.

WhatsApp Image 2024-03-04 at 16.25.43.jpeg

WhatsApp Image 2024-03-04 at 16.25.44.jpeg

Айта кетейік, орталық көп балалы, толық емес, жағдайы төмен отбасыларға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға кешенді кеңес беру қызметтерін көрсетеді. Сонымен қатар отбасы институтын нығайтуға бағытталған шараларды ұйымдастырады.