Елордада ардагерлер кеңесінің «Отырар» орталығы ашылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада ардагерлер кеңесінің «Отырар» орталығы ашылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Тәуелсіздік күніне орай Астанада ардагерлер кеңесінің «Отырар» орталығы ашылды. Ол «Байқоңыр» ауданындағы Отырар көшесі, 10 мекенжайында орналасқан, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл осымен аудан аумағында бой көтерген үшінші орталық. 
Осы уақытқа дейін А.Брусиловский көшесінде «Айдар» орталығы ашылды. 
Онда 80-нен аса ардагерлер бар. Екінші орталық, яғни «Парасат» орталығы А.Жұбанов көшесінде ашылған. Орталықта 50-ге жуық ардагер келіп, бос уақыттарын өткізеді.

Ауданның белсенді еңбек ардагерлерінің бос уақытын тиімді өткізуге арналған осындай бас қосу орындарының болуы аса маңызды. Мерейлі мереке күні ашылған Ардагерлер орталығының салтанатты ашылуы мерекелік көңіл-күйде аталып өтті. Қазыналы қарттарымыз тарих тереңінен сыр шертіп, бүгінгі Тәуелсіздіктің маңыздылығына тоқталды. 
Барша жиналған қауымға ақ баталарын беріп, мерекемен құттықтады.