«Жабайылық»: Баян Алагөзова келін орындауы тиіс салт-дәстүрлерді сынады

11 наурыз, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Жабайылық»: Баян Алагөзова келін орындауы тиіс салт-дәстүрлерді сынады
фото: Instagram/bayanmaxatkyzy

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде сәлем салуға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бізге үйде ешқашан ер адамға бас ию туралы айтпады. Мен Алматыға келгеннен кейін Шымкенттен келген қыздардың үнемі сәлем салып жүретінін көрдім. Бұл мен үшін жабайылық болды. Мен не үшін иілесің десем, олар мұны сыйластық деп есептейді. Кешіріңіздер, мен өзімнің марқұм әкемді, атамды қатты сыйладым және құрметтеймін. Жалпы үлкендер мен ер адамдарға  сыйластықпен қараймын. Бірақ маған сәлем салуды үйретпеді және үйрете алмайды. Бұл - таңдау. Мені әжем еркін өсіріп, тәрбиеледі»,- деді Баян Алагөзова.

Белгілі продюсер батыстың қыздары еркін тәрбиеде өсетінін атап өтті. 

«КСРО заманында әйелдер арасында халық қаһармандары көбі Батыс Қазақстаннан шықты. Батыста біздің қыздар еркіндікті жақсы көреді. Дәл осы жақта туып-өскеніме қатты қуанамын», - деді ол.