Динара Сатжан белгілі кәсіпкермен қарым-қатынасы туралы қауесетке жауап берді


Танымал тележүргізуші және журналист Динара Сатжан осыдан 10 ай бұрын Людмила Шналиеваның подкастында жеке өмірі туралы туындаған қауесетке түсініктеме берген, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Еске сала кетейік, жақында желіде Динара Сәтжанның Сарыағаш қаласында келіндік міндетін атқарып жүрген видеосы тарады. Ол бейнежазбадан абысындарымен қолына оқтау алып, бірге жайма жайып жатқанын көрсеткен.
«Бұл менің өмірім және мен оны комментарийде кеңес беріп, ақыл айтатыңдардан емес, өзім қалағандай сүремін. Менің балаларым бар. Олар үшін барлық жағдайды жасаймын. Бірақ өзіме де үміт бергім келеді. Себебі әрбір адам бақытқа лайық. Мен егде жасқа келгенде күйеуіммен бірге қол ұстасып, теңіз немесе мұхит жағалауында серуендеп жүретінімді елестетемін»,- деді тележүргізуші Людмила Шналиеваның подкастында.
Динара Сатжан той болмайтынын да атап өткен.
«Менің ойымша той болмайды. Ақ көйлек кез келген қыздың арманы, мен де армандадым. Ол арманым тұрмысқа шыққан кезде орындалды, керемет той болды. Бірақ қазір бұл маңызды емес екенін түсіндім. Бастысы сенің ішкі жай-күйін, күйеуіммен күнде таңертең бірге тұрып, шай ішу маңыздырақ. Себебі көп әйелдер күйеулерімен бірге тұрса да бақытсыз»-, деді ол.
Людмила Шналиева Динара Сатжанға ұнамайтын ер адамның бойындағы қасиеттері туралы сұрақ қойды. Алайды тележүргізуші өмірінде ер азамат бар екенін айтты.
«Біріншіден, менің өмірімде ер адам бар, сондықтан мен қасымда қандай ер адамды көре алмаймын деген сұраққа жауап бермей-ақ қояйын. Мен өз ойымдағыдай ер адамның бойындағы барлық қасиеттері бар адамды кездестірдім. Біз онымен бұрыннан таныс болдық. Кейін ол маған көңіл білдіре бастады. Мен жай ғана тұрмысқа шыққан деген ат үшін шыққым келмеді. Маған қандай жағдай болса да өзімді жайлы сезінетін адам керек болды»,- деді Динара Сатжан.
Людмила Шналиева оның саясаткер немесе кәсіпкер екенін сұрады. Динара Сатжан бұл сұраққа нақты жауап бермеді.
«Біз қазір жақсы тану үшін бір-бірімізге уақыт бердік. Мен тіпті ұсыныс жасауға асықпауды өтіндім»,- дейді тележүргізуші.
Айта кетейік, тележүргізушінің Сарыағаш қаласында келіндік міндетін атқарып жүрген видеосынан кейін желі қолданушылары күйеуі кім екенін болжады. Олар Динара Сәтжанның қазіргі күйеуі Forbes (2022) нұсқасы бойынша ең бай 50 қазақстандықтың тізіміне кіретін кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов екенін жазды. Алайда тележүргізуші әлі нақты өмірлік серігі кім екенін жарияламады.



