«Рамазан сыйы»: 35 мың мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті таратылды

фото: muftyat.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз бойынша 3500 отбасына азық-түлік себетін таратты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай қасиетті Рамазан айынан бастап еліміз бойынша «35 мың азық-түлік себетін тарату» акциясын қолға алдық. Игі жоба жыл бойы жалғасады. Қайырымдылық акция аясында мұқтаж жандарға тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі», – деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Діни басқарманың 35 жылдығына және Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған қайырымдылық марафонында 3500 отбасыға қажетті азық-түлік себеттері таратылды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:29
Солтүстік Қазақстан облысында 900-ден астам нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген

Бүгін, 14:11
Есту қабілеті бұзылған балалар сауықтыру курсынан өтті

27 тамыз, 2025
Жыл басынан бері 176 бала жол апатынан көз жұмды

27 тамыз, 2025
Биыл әлеуметтік инспекторлар 860-тан астам тексеру жүргізді