Елордада алимент төлеуден жалтарған 170 борышкер анықталды
19 наурыз, 2024
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Осылайша, бір ғана борышкер алимент бойынша 3,5 млн теңге қарызы бола тұра, өз әмиянын 6 млн теңгеге толтырған.
Алимент өндірудің осы және басқа да түйткілді мәселелері қала прокуратурасының алаңында уәкілетті органдар мен жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының қатысуымен өткен алқа мәжілісінде талқыланды, - делінген хабарламада.
Қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган жасырын кірістерді балалардың пайдасына өндіру бойынша шаралар қабылдап жатыр.
Бүгінде борышкерлер 20 млн теңге қарызын өтеп үлгерді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар