Елордада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

31 шілде, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада 2-3 тамыз күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде қала тұрғындары мен қонақтарына Қазақстанның түрлі өңірлерінен жеткізілген жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шаруа қожалықтарының түрлі азық-түлік өнімдері ұсынылады.

Келушілерге жаңа піскен көкөністер мен жемістер, сол сияқты ет пен ет өнімдері, сүт өнімдері, нан-тоқаштар, бал, тосап, табиғи шырындар және басқа да тауарлар тиімді бағада сатылады.

Іс-шара 2-3 тамыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тас жолы, 35 мекенжайында орналасқан «KERYEN JOLY» сауда орталығында өтеді.

Қосымша ретінде дәл осы күндері төмендегі орындарда жәрмеңкелер ұйымдастырылады:

• «Көктал» сауда-ойын-сауық орталығының аумағы (Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а);

• Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайы («Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешенінің қарсы бетінде).

Жәрмеңке алаңдары сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.