00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада қала мүлкін қасақана бүлдіргендер жауапқа тартылды

25 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада қала мүлкін қасақана бүлдіргендер жауапқа тартылды
фото: Elordainfo

Астаналық полицейлер қала мүлкін қасақана бүлдірген азаматтарды жауапқа тартты, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

«102» арнасына Бөгенбай батыр даңғылындағы «Колос» аялдамасының әйнегін белгісіз біреу сындырып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Түскен ақпарат бойынша мән-жайды анықтауға жұмылған полиция инспекторлары бұзақылыққа күдікті ретінде  29 жастағы елорда тұрғынын ұстады. 

Күдіктіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 147-1 бабы (Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша әкімшілік іс қозғалды. 

Материал шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жолданды. Сондай-ақ Сауран көшесінде белгісіз біреу үй маңына тұрмыстық қоқыстарды шашып кеткені туралы да ақпарат түскен. 

Бұл оқиғаға қатысты 34 жастағы азамат күдікті ретінде ұсталды.  Оның кім екені анықталып, медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес ол бұзақылық жасаған кезде масаң күйде болғаны анықталған. 

Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы, 3-бөлімі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) және 434 бабының 1-бөлімі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Сот қаулысымен ол 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікке тартылды.