00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада биыл 333 адамға тұрғын үй сертификаты беріледі - Ерлан Каналимов

20 тамыз, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Елордада биыл 333 адамға тұрғын үй сертификаты беріледі - Ерлан Каналимов
Фото: facebook.com/Kanalimov

Елордада 300-ден астам адамға баспана мәселесін шешу үшін 500 млн теңгеден астам сомаға тұрғны үй сертификаты беріледі. Бұл туралы қалалық мәслихаттың төрағасы Ерлан Каналимов мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Елордалық мәслихаттың шешіміне сәйкес тұрғын үй сертификатының сомасы 1 500 000 теңгені құрайды. Тұрғын үй несиесін рәсімдеу кезінде бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін беріледі.

Тұрғын үй сертификатын алушылар: педагогтар, медицина қызметкерлері, мәдениет пен спорт қызметкерлері, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру саласының мамандары, полиция қызметкерлері және құтқарушылар.

2020 жылы мәслихаттың шешімімен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мүмкіндіктерін арттыру мақсатында алушылар тізімі кеңейтіліп, тізімге әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтар қосылды.

Тұрғын үй сертификаттары мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында несие алу кезінде банк тарапынан несие мақұлданып, азаматтың жылжымайтын мүлік нарығынан баспана тапқаннан кейін беріледі.

«Тұрғын үй сертификатын алу үшін азаматтар төлем қабілеттілігін растап, банктің кепіл саясатына сәйкес келетін пәтер тапқаннан кейін ғана ипотекалық несиені рәсімдеу кезінде жүгінеді. «AMANAT» партиясының елордалық филиалының 2024 жылға арналған сайлауалды уәделерін орындау жөніндегі Жол картасы аясында тұрғын үй сертификаттарының саны 333 болып, жалпы сомасы шамамен 500 млн теңгені құрайтын сертификаттар беру көзделген», - деп көрсетті Ерлан Каналимов.