00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада 300-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орын жойылды

Елордада 300-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орын жойылды
фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордада стихиялық рұқсат етілмеген полигондармен жүйелі күрес жалғасуда. 2024 жылдың басынан бері елорда аудандарынан 300-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталды. Полигондарға 172 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Күн сайын қаланың барлық ауданында рұқсат етілмеген полигондарды анықтау мақсатында мониторинг жүргізіледі.

Мысалы, Алматы және Сарайшық аудандары бойынша 116 учаске жойылып, 58,5 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды (шамамен 8 мың рейс).

Байқоңыр ауданында 65 учаске жойылып, 10 мың тонна қоқыс шығарылды.

Есіл ауданы бойынша 40 орын жойылып, полигонға 30 мың тоннадан астам қоқыс жіберілді.

Сарыарқа ауданы бойынша 43 стихиялық қоқыс тастайтын орын анықталып, ол жерлерден 34 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Жұмыс жалғасуда.

Нұра ауданынан мұндай 39 орыннан 40 мың тонна қоқыс шығарылды.

Астанада рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінен қоқыс жинауға арналған қалалық ҚТҚ полигонының жанында уақытша алаң белгіленді, ол Алаш, 64 тас жолында орналасқан.

іKomek арқылы құрылыс алаңдарынан қоқысты шығару және рұқсат етілмеген орындарға шығару фактілері белгіленеді. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.

Мәселен, осы жылдың 10 айында қоқысты рұқсатсыз тастағаны үшін 367 жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 7 млн 700 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Абаттандыруды бұзғаны үшін 18 871 құқық бұзушыға 53 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

- ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 13 338 құқық бұзушы 227 млн теңгеге айыппұл салынды.

Заңсыз полигондарды жою жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде жаңа ошақтардың пайда болуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.