00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда әуежайында 11 рейс уақытынан кешіктіріліп, 3 рейс тоқтатылды

14 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда әуежайында 11 рейс уақытынан кешіктіріліп, 3 рейс тоқтатылды
фото: Дереккөз

Бүгін елордадағы халықаралық әуежайда 11 рейс уақытынан кеш ұшырылды, деп хабарлады Elorda.info.

14 қаңтарда Астана халықаралық әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, Астанадан Алматыға, Жезқазған және Түркістанға ұшатын 3 рейс әуекомпанияның шешімімен тоқтатылды. Кешіктірілген және тоқтатылған рейстер метео жағдайға байланысты емес. Астана әуежайында қазір ұшу және қонуға қолайлы ауа-райы сақталуда. Әуеайлақтағы ауа температурасы -18. Желдің жылдамдығы 12м/с, - деп жазды Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.