Елорда әуежайының басқарма төрағасы ауысты
2 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
фото: ААК баспасөз қызметі
ҚР Үкіметінің аппаратымен келісім бойынша «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы болып Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.
Юсуф Альджавдердің авиация саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Түрлі лауазымдарда, соның ішінде «Emirates», «British Airways» әуе компанияларында, Дубай және Абу-Даби халықаралық әуежайларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
Естеріңізге саламыз, 2023 жылдың қараша айында Астана қаласының әуежайы «Terminals Holding» (БАӘ) компаниясының сенімгерлік басқаруына берілді.
2024 жылғы 1 мамырдан бастап Инвестор жеке инвестициялар есебінен 20 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге кірісуді жоспарлап отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:26
Астанадағы жеті қараусыз бос кеңістік абаттандырылды
Бүгін, 10:56
Елордада цифрландыру бойынша жобаларды іске асыру мәселесі талқыланды
8 қазан, 2024
Елордада бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады
8 қазан, 2024
Марбург вирусының әкелінуіне жол бермеу бойынша бақылау күшейтілді