00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астана прокуратурасы 160 балаға тиесілі алиментті өндіріп берді

10 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астана прокуратурасы 160 балаға тиесілі алиментті өндіріп берді
Фото: opennews.kz

Биыл бірінші тоқсанда елордалық прокуратура 160 балаға алимент алуды қамтамасыз етті, деп хабарлады Elorda.info ведомствоға сілтеме жасап.

Балалардың пайдасына миллиардқа жуық теңге өндірілген.

Алимент төлемейтіндерге әсер етудің тиімді тетіктерінің бірі - оларды белгіленген жауапкершілікке тарту. Мәселен, екі кәмелетке толмаған баланың әкесі әкімшілік қамауды өтегеннен кейін 2020 жылдан бері жинақталған миллион теңге берешек сомасын дереу төледі.
Биыл 30 борышкер әкімшілік, 3-еуі қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.

Прокуратура 223 борышкерге қатысты іздеу шараларын санкциялап, 800 борышкерге елден шығуды шектеген.

Осы бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.