00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда проблемаларының картасы әзірленді

2 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда проблемаларының картасы әзірленді
Оңалхан Өнерхан

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен және елорда активімен Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасын талқылады, деп хабарлады Elorda.info Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Кездесуге қалалық мәслихат депутаттары, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары, ғылыми топтардың және азаматтық қоғамның өкілдері қатысты. Бұл полиция мен әкімдіктің осы форматтағы алғашқы кездесуі.
ІІМ басшысы Марат Ахметжанов Астана қаласы тартылыс магниті болып табылатынын атап өтті. Мұнда барлық мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындары, мәдени нысандар шоғырланған. Елордаға күн сайын мыңдаған қазақстандық пен шетел азаматтары келеді. Сондықтан қала әлемнің жетекші астаналарының деңгейіне сәйкес келуі тиіс.
Кездесуде полицияның құқықтық тәртіпті қорғауды тәулік бойы қамтамасыз ететіндігі, ашықтығы жақсарып, елдегі қылмыс деңгейі 16%-ға, ал Астанада 17%-ға төмендегені атап өтілді.
Елорда активінің алдында министр аталған Тұжырымдама негізінде проблемаға бағдарланған тәсілді қалыптастыратын және проблемаларды басқару процесін енгізетін Астана проблемалар картасының тұсаукесерін жасады.
Карта 7 негізгі топтан және халық үшін өзекті 38 проблемадан тұрады.
Бұл «мас күйінде жасалған» қылмыс, отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылық, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, ұрлықтың алдын алу, жол қауіпсіздігі және басқалар.
Елордалық тұрғындардың құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларының әрбір тобы бойынша ІІМ ситуациялық-талдау орталығы ұсыныстар әзірлеген. Оны полиция ведомствосының басшысы таныстырып шықты.
Мысалы, ұрлық, алаяқтық, отбасындағы зорлық-зомбылық, жасөспірімдер қылмысы, жол апаты және т.б. сияқты өзектілігі мәселелер жалпыға белгілі. Картада мұндай құқық бұзушылықтар орын алатын және оларды азайту бойынша ұсыныстар әзірленген нақты мекенжайлар бар.