Елордалық полицейлер ойын клубын тонаған жас жігітті қолға түсірді
15 шілде, 2024
Торғын Аман
Оңалхан Өнерхан
Елорда полицейлері ойын клубын тонап, жәбірленушіге 2,3 млн теңге залал келтірген азаматты қолға түсірді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ойын клубтарының бірінде ұрлық жасады деген күдікпен елорданың 24 жастағы тұрғынын ұстады.
Күдікті түнде клубтың есігін ашып, музыкалық динамик пен 13 LG теледидарын алып шыққан. Артынша жас жігіт ұрланған құрал-жабдықтарды тұрмыстық техникаларды қабылдау пункттеріне өткізіп жіберген.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордадағы басқа да осыған ұқсас фактілерге қатысы бар-жоғы анықталады», - деп көрсетті қалалық полиция департаменті.
Ұқсас жаңалықтар