Елорда әкімінің қатысуымен интернет-конференция өтеді
25 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Оңалхан Өнерхан
2023 жылғы 26 желтоқсанда сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін «электрондық үкімет» порталында (e.gov.kz) Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен интернет-конференция өтеді, деп хабарлады Elorda.info
Интернет-конференция негізгі алты тақырыпта өтеді:
1. Мектептердің құрылысы;
2. Газдандыру;
3. Аулаларды абаттандыру және қоғамдық кеңістіктердің дамуы;
4. Үлескерлік құрылыстағы проблемалық нысандар;
5. Тұрғын алаптарды дамыту;
6. Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту.
Конференцияға қатысуға ниет білдіргендердің бәрі e.gov.kz сайтына кіріп, өз сұрақтарын қалдыра алады («Ашық диалог» қосымша беті – интернет-конференциялар, электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы кіруге болады).
Ұқсас жаңалықтар