Елорда әкімінің Нұра ауданы тұрғындарымен кездесуі басталды
9 қазан, 2024
Салтанат Мұратқызы
фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада қала әкімі Жеңіс Қасымбектің Нұра ауданы тұрғындарымен кездесуі басталды, деп хабарлады Elordainfo.
Елордадағы №111 мектепте өтіп жатқан кездесуде алдымен аудан әкімі Ришат Тұрдыбеков жергілікті тұрғындарға есеп берді.
«Ауданда 6300-ден астам ағаш , 130 мыңнан астам көп жылдық гүлдер мен бұталар, 12,5 мың шаршы метр бір жылдық гүлдер отырғызылды. Бұл шаралар арқылы ауданның жасыл желек көзін ұлғайтамыз. Жасыл желекті күтіп ұстау үшін , уақытылы суару үшін жергілікті суару жүйесін салдық. Олардың ортақ ұзындығы 7 км-нен асады, ал суару аймағы 45 мың шаршы метрді қамтиды», - деді Нұра ауданы әкімі Ришат Тұрдыбеков.
Ұқсас жаңалықтар