00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Elorda Eco System»: Жыл басынан бері елордалықтардан 445 өтінім түскен

«Elorda Eco System»: Жыл басынан бері елордалықтардан 445 өтінім түскен
ашық дереккөз

Бұл туралы «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК Бас директоры орынбасарының міндетін атқарушы Ерғали Омаров Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info.

«Elorda Eco System» кәсіпорыны жаңбыр, еріген және жер асты суларының су бұру жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі үшін Астана қаласының магистральдық коллекторларының негізгі бөлігіне қызмет көрсетеді. 

2023 жылы нөсер кәрізі мен арық-науа желілерін тазарту бойынша, сорғы станциялары мен тазарту құрылыстарына қызмет көрсету, сондай-ақ проблемалық учаскелерді жою жөніндегі жұмыстар жалғасуда.  Биыл 42 мың м3 астам су сорылып, 6,5 шақырым коллекторлар тазартылды, 5,5 шақырым құбырлар буланды, 6000 м3 қар шығарылды. I-Komek 109-да (ашық құдықтар, нөсер кәріздерін және арық-науа желілерін тазарту) бойынша өтінімдер пысықталуда. 2023 жылы келіп түскен өтінімдердің жалпы саны – 445. Су бұру жүйесінің жұмысын жақсарту үшін 104 сорғы станциялары мен 15 тазарту құрылыстарына қызмет көрсету бойынша Кәсіпорын мамандары күнделікті негізінде ағызылатын сулардың сапасын жүйелі бақылау, сумен жабдықтау жүйесіне тиісті қызмет көрсету шараларын атқарады,- дейді кәсіпорын бас директорының орынбасары Ерғали Омаров.

Елордада нөсерлі кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 458,2 шақырым, құдықтардың жалпы саны - 9 452 дана, жаңбыр құдықтарының жалпы саны - 11 050 дана, арық-науа желісінің жалпы ұзындығы - 48,7 шақырым, күн сайын 40 бірліктен астам арнайы техника мен 325 жұмысшы жұмылдырылады. 

Айта кетейік, кәсіпорын су тасқыны кезеңінде су басуды болдырмау үшін қар мен мұзды тазарту, арық желісін тереңдету, құбырларды булау, қар шығару, магистральдық коллекторларды тазалау жұмыстарын атқарады.