Елорда автобустарында көшелерге есімі берілген тұлғалар жайлы мәлімет беріледі

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астананың 84 бағыты бойынша 502 автобусында көшеге есімі берілген тарихи тұлғалар туралы қысқаша мағлұмат аудио форматында жолаушыларға ұсынылып жатыр. Бұл туралы Астана қаласы Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Елорданың қоғамдық көліктерінде қала көшелеріне есімі берілген тарихи тұлғалар жайлы қысқаша мәліметтер аудиоформатта жариялана бастады. Қазіргі таңда жолаушылар Астанадағы 84 бағыт бойынша, дәлірек айтсақ 502 автобуста осындай аудиохабарламаны тыңдай алады. Бұл елорда тұрғындары мен қонақтарының тарихи тұлғаларымыз туралы ақпарат алуына мүмкіндік беруде», – деп жазды ол Facebook парақшасында.
Ұқсас жаңалықтар

16 қазан, 2025
Елордалықтарға құстарды қоректендірудің зияны туралы ескертілді

16 қазан, 2025
Елордада велосипед ұрлады деген күдікпен кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды

16 қазан, 2025
Елордадағы «Шарапат» орталығында Республика күніне арналған іс-шара өтті

16 қазан, 2025
«Классик ұстаханасы»: Астанада жазушы-драматург Ермек Аманшаевпен кездесу өтеді