Экология вице-министрі елордалықтармен кездесу өткізеді
30 маусым сағат 15:00-де Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың Астана қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Кездесу Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 2-қабат, акт залында өтеді, онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.
Вице-министрмен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қоя аласыздар немесе мынадай байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөмірі: 8 (701) 100-44-66 және электрондық пошта: s.koblashov@ecogeo.gov.kz.
Кездесу өткізу аясында коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер, азаматтарды жеке қабылдау,өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг өтеді.
Кездесулерге жазылу үшін ұялы тел. 8 (701) 100-44-66 және 8 (708) 943-36-20 арқылы хабарласуды сұраймыз.