«Дорамадағыдай»: Астанада бітіру кешінде сахнада болған жайт желідегі жұртты тәнті етті
27 мамыр, 2025


Фото: Астана қаласы әкімдігі
24 мамырда Астанада бітіру кешінде болған әсерлі көрініс желідегі жұртты тәнті етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
11-сынып оқушысы жұпсыз қалып, жалғыз вальс билей бастады. Бірақ кенеттен тосын жағдай болды. Түлек лентасы бар жігіт қоршаудан секіріп, сыныптасын қолдау үшін сахнаға жүгірді. Автордың айтуынша, қыз серіктесінің кешігуіне ренжіген жоқ. Ал оның жаңа жұбы би билеу мүмкіндігін жіберіп алғысы келмеді. Олар әдемі билеп шықты.
Осыған қатысты желі қолданушылары «Би билеуге жалғыз шыққан қыз өжет екен», «Жарайсың», «Ақ жол тілеймін» деп жатса, енді бірі «жауапсыз жігіт екен» деп жігітті кешіккені үшін сынап жатыр.
Ұқсас жаңалықтар