Әділет вице-министрі елордалықтармен кездесу өткізеді
Әділет вице-министрі Даниэль Ваисов 19 қазан күні елорда тұрғындарымен кездесіп, азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді, деп хабарлады Elorda.info елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Кездесу сағат 11:00-де Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57а (1 қабат) мекенжайында орналасқан Qazpatent ғимаратында Әділет вице-министрі Даниэль Ваисов Астана қаласының тұрғындарымен кездеседі.
Іс-шараға белсенділер, қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.
Астаналықтар өз сұрақтары мен ұсыныстарын d.ordabaeva@adilet.gov.kz электрондық пошта арқылы жібере алады.
Сонымен қатар, осы күні сағат 12:00-де Qazpatent ғимаратының бірінші қабатындағы конференц-залда Даниэль Ваисов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Жеке қабылдауға жазылу 18 қазан күні сағат 12:00-ге дейін Астана қаласы Әділет департаментінің 32-11-54, 8-702-470-45-08 телефондары бойынша жүзеге асырылады.