Астана этноауылдарында финалдық концерттер қалай өтті
14 қыркүйекте Астанада «Қазақ елі» монументінің, «Ататүрік» саябағы, «Бәйтерек» монументі және Орталық саябақ аумағындағы 4 этноауылда отандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарламалар өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Концерттік бағдарламалар басталғанға дейін қонақтар мен тұрғындар үшін спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Отандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін өнер көрсетті.
Ауданның этноауылында «Наз» би театры мен елордалық цирк әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.
Алматы ауданында «Қазақ елі» монументінің жанындағы этноауылда Әзербайжан Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының әртістері өнер көрсетті.
Байқоңыр ауданындағы «Ататүрік» саябағы аумағында этноауыл ұйымдастырылды. Сағат 18.00-ден бастап этноауыл аумағында қуыршақ театры мен елордалық цирк әртістерінің қатысуымен «Балаларға базарлық» балалар бағдарламасы өтті. Әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасты.
Нұра ауданында «Жастар» сарайының аумағындағы этноауылда әртістердің қатысуымен сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін концерттік бағдарлама өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада 8-13 қыркүйек аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті, оған әлемнің 89 елінен 2500-ден астам спортшы қатысты.
Елордада 5 этноауыл ұйымдастырылып, 13-14 қыркүйекте жұмысын аяқтады. Бәйтерек монументінің жанындағы Есіл ауданының этноауылы жұмысып 15 қыркүйекте аяқтайды (сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді).