Ботаникалық бақта арбалар шеруі өтеді

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Астанада 24 тамыз күні Ботаникалық бақта арбалар шеруі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Кішкентай балалары бар отбасылар үшін бұл мереке қуанышқа және салауатты өмір салтына толы ұмытылмас іс-шара болады. Оның бағдарламасында кәсіби нұсқаушылардың стретчинг пен фитнес жаттығулардың сериясы өтеді.
Сонымен қатар, қатысушыларға арнап қызықты сыйлықтарға толы ұтыс ойыны өтеді. Бұл кеш ата-аналар арасындағы қарым-қатынас пен тәжірибе алмасудың жаңа мүмкіндігін ашады.
Іс-шара 17:00-де басталып, 19:00-ге дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 19:03
Елордалықтарға құстарды қоректендірудің зияны туралы ескертілді

Бүгін, 18:01
Елордада велосипед ұрлады деген күдікпен кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды

Бүгін, 17:42
Елордадағы «Шарапат» орталығында Республика күніне арналған іс-шара өтті

Бүгін, 17:27
«Классик ұстаханасы»: Астанада жазушы-драматург Ермек Аманшаевпен кездесу өтеді