00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бос орындар жәрмеңкесінде 600-ге жуық жұмыс орны ұсынылды

Бос орындар жәрмеңкесінде 600-ге жуық жұмыс орны ұсынылды
фото: Сұлтан Сейіт

«Жастар» сарайында кезекті жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырған жәрмеңкеге 70-тен астам жұмыс беруші қатысып, олар келушілерге 600-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынды. Орталық директорының сөзінше, елордада жыл басынан бері 8 мың адам жұмыспен қамтылған.

Бүгін біз 12-ші бос орындар жәрмеңкесін өткізіп жатырмыз. Мұнда жұмыс орындар ішінде  қызмет көрсету саласында бос жұмыс орны басым. Жәрмеңке жұмыс беруші мен жұмыс ідеп жүрген адамға үлкен мүмкіндік береді. Қажетті жұмыс іздеп жүрген адам өзінің түйіндемесін бірнеше жұмыс берушіге ұсынса, жұмыс беруші де жәрмеңке кезінде өздеріне қажетті мамандарын тез табады. Осы айдың соңында тағы бір жәрмеңке өтеді. Ал жыл соңына дейін әлі 5 жәрмеңке өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Жалпы қазір елордада жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құрайды. Жыл басынан бері біздің орталық 8 мың адамды жұмыспен қамтыды,- деді орталық директоры Олжас Омар. 

Бүгінгі жәрмеңкеде мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары ұсынылды. Екі қолға бір күрек таппай жүргендерге көмек болатын бұл жәрмеңкенің жастарға берері мол. Жұмыс іздеп келгендер арасында  оқу орындарының түлектері көп. Олар құрылыс, білім, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы салалардағы жұмыс берушілермен кездесті. 

WhatsApp Image 2023-08-03 at 15.21.22.jpeg

Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің  кадр бөлімінің маманы Алмагүл Мұхамедқалиқызы да жәрмеңкеге қатысып, бос орындар бойынша түйіндеме қабылдады. 

Біздің мектеп-лицейде биология, ағылшын, алғашқы әскери дайындық және бастауыш сынып мұғалімі мамандықтары бойынша бос орын бар.  Қазір мұғалімдерге қойылатын басты талап - Ұлттық біліктілік тестілеуінен өтуі қажет. Егер жолдама арқылы келетін болса, олар бірден жұмысқа орналаса алады. Басқа жағдайда үміткерлерден біліктілік тестілеуінің сертификаты талап етіледі»,- дейді Алмагүл Мұхамедқалиқызы.

WhatsApp Image 2023-08-03 at 15.21.21.jpegСондай-ақ, іс-шара аясында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалар кәсіптік оқыту және «Enbek.kz» порталымен жұмыс істеу жөнінде түсіндіру жұмысы жүргізілді. 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Қуаныш Сатардың сөзінше, қолданыстағы заң бойынша жоғары оқу орындарының түлектерінде бір жыл ішінде төменгі мемлекеттік лауазымдарға конкурссыз орналасуға мүмкіндіктері бар. 

WhatsApp Image 2023-08-03 at 17.09.35.jpeg

Бүгін біз мемлекеттік қызметке орналасу үшін түсіндірме жұмысын жүргізіп жатырмыз. «Мемлекеттік қызметі туралы» заңына 2022 жылдың 30 желтоқсан күні енгізілген өзгерістерге сәйкес, жоғары оқу орындарының түлектері оқуын аяқтағаннан кейін 1 жыл ішінде облыстардағы аудан, ауыл деңгейіндегі төменгі мемлекеттік лауазымдарға конкурссыз орналасуға мүмкіндіктері бар. Осы тұрғыда жастарды мемлекеттік қызметке даярлау мақсатында оларға қызметтің ерекшеліктерін түсіндіру және ынталандыру жұмыстарын жүргізетін «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы іске асырылды. Биыл жыл басынан бері елордада 39 түлек жобаны сәтті аяқтап, сертификаттарын алды. Мемлекеттік қызметке деген қызығушылықтары одан сайын артып, қазіргі уақытта тест тапсырып мемлекеттік қызмет саласында  бос жұмыс орындар конкурсына қатысып жатыр,- дейді Қуаныш Сатар.

WhatsApp Image 2023-08-03 at 15.21.21 (1).jpeg