00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл елордада 100-ге жуық вандал жазаланды

25 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл елордада 100-ге жуық вандал жазаланды
фото: Бақтыгүл Бурбаева

Астанада вандализммен күресу және алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары тағы кезекті вандал оқиғасын анықтап, тиісті шара қолданды, деп хабарлады Elorda.info.

13 сәуір күні сағат 15:30-да 35 жастағы ер адам Қарталы көшесі, 18/1 тұрғын үйдің 6-кіреберісінде металл торды сындырған. Оның жеке басы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал 22 сәуір күні сағат түнгі 03.00-де 44 жастағы ер адам мас күйінде Абылай хан даңғылы, 26/2 мекенжайында орналасқан демалу орнының есігін қасақана ұрып сындырған. Өзгенің мүлкін бүлдіргені үшін 10 күнге қамауға алынды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдау білдірген «Тоқта, вандал» акциясы бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Акция аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі. Тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау және қала мүлкіне ұқыпты қарау қажеттілігі туралы түсіндіру жүргізіліп келеді.

Жыл басынан бері сот бөтеннің мүлкін қасақана сындырғаны, жалпы пайдалану орындарын ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін 100-ге жуық адам жазаланды. Олардың бәрі жауапқа тартылды.